Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер елордалық тұрғынның телефонын қолды еткен шетелдік азаматты анықтады

Полицейлер елордалық тұрғынның телефонын қолды еткен шетелдік азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға арызбен жүгінген қала тұрғыны, бейтаныс ер адамның құны 300 мың теңге тұратын Redmi маркалы телефонын алып кеткенін айтқан.

Жәбірленушінің айтуынша, ол кафеде Өзбекстан Республикасының азаматын кездестіріп, онымен бірге спирттік ішімдік ішкен. Шетелдік азамат қоңырау шалу үшін оның телефонын алып, кафеден шығып, ізін жасырған.

Полиция қызметкерлері күдіктінің сипаттамасымен егжей-тегжейлі нұсқама жасап, қала тыныштығын қамтамасыз етуге жұмылдырылған жеке құрамға, аталған ұрыны құрықтау үшін, бірден «бағдар» берген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Сарырқа ауданының тәртіп сақшылары ұрлыққа қатысы бар Өзбекстан Республикасының 32 жастағы тұрғынын «ізін суытпай» анықтады.

Ер адам кінәсін мойындап, телефонды басқа біреуге сатып үлгергенін де жасырмаған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға кеңес береді. Сондай-ақ бейтаныс адамдарға сенбеуге және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру