Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полицейлер көкнәр өсіру дерегін анықтады

«Қарасора – 2023» және «Дәрмек» жедел алдын алу шарасы шеңберінде Қостанай облысы ПД полиция қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар егуге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай ауданы Жданов ауылының тұрғынының ауласында өсіп тұрған 264 көкнәр бұтасы табылды. Оны өзі тұтыну үшін өсіргені белгілі болды.

ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша басталған сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде бойынша плантация жойылды.


Полиция облыс аумағында өткізіліп жатқан екі жедел алдын алу шарасы шеңберінде контрабандалық әкелу мен әкетуді, бақылаудағы заттардың заңсыз айналымға шығып кетуін анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ полиция есірткіні дайындаумен және әкетумен, героин трафигі арналарының жолын кесумен, синтетикалық есірткіні таратуға және зертханалар құруға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін жоюмен айналысатын адамдарды анықтайды.

Айта кететін жайт, жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымнан 297 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру