Павлодар облысында жыл басынан бері 555 азамат алаяққа алданған
Павлодар облысында жыл басынан бері 555 азамат алаяққа алданған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар ауданының аумағында полицейлер «Жастарды қолдау орталығы» өкілдерімен бірлесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша акция өткізеді. Акция барысында білім беру және медициналық мекемелердің ұжымдарымен, сауда үйлерінің және барлық меншік нысанындағы басқа да объектілердің қызметкерлерімен кездеседі. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары адамдарға көшеде, мекемелерде жалпы алдау схемалары туралы жадынамалар таратады және ескертеді.
Павлодар ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Азамат Әлиев «банктен қоңырау шалу» ең кауіпті схема екенін айтты.
Мысалы, маусым айында Павлодар облысының 28 жастағы тұрғыны Павлодар ауданының ауылдарының бірінде интернет желісі арқылы микроқаржы ұйымының бірі ақпараттық жүйені пайдаланушы болып табылатын, сондай-ақ азаматтарға қарыз беру ережелерін біле тұра, құрбысының атынан осы ЖШС-нің әкімшілік сайтында микрокредит беру үшін тіркелді. Содан кейін қарыз алушының сауалнамасын досының сауалнамалық деректерін, оның банктік шотының нөмірін, ұялы телефон нөмірін көрсете отырып толтырды. Сол күні шотқа 100 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат аударылды. Кейіннен алаяқ өзінің шотына алимент түрінде ақша аударылғанын жаңылыстырып, аталған ақшаны иемденді.
– Әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-тармағының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сот шешімімен әйелге бір жылға бас бостандығын шектеу үкімі шығарылды. Жыл басынан бастап алаяқтардың қолынан Павлодар облысының 555 азаматы зардап шекті. Айта кету керек, тұрақты профилактикалық жұмыс өз нәтижесін береді, өйткені азаматтардың көпшілігі күмәнді телефон қоңыраулары түскен кезде телефонмен сөйлесуді дереу тоқтату керек екенін жақсы біледі. Полицейлер халықпен түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда, өйткені ақпараттандыру алаяқтардан сенімді қалқан ретінде қызмет етеді, – дейді Азамат Әлиев.