Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда кәмелетке толмаған жасөспірімдер мотоцикл тізгіндеген

Екібастұзда кәмелетке толмаған жасөспірімдер мотоцикл тізгіндеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері екі дөңгелекті көлік иелерінің, әсіресе тәуліктің түнгі уақытында тыныштықты бұзудың жолын кесуге және алдын алу бойынша қажетті іс-шараларды қабылдап жатыр.

– Соңғы уақытта қала тұрғындары тарапынан мотоцикл жүргізушілеріне шағымдар саны артты. Мысалы, 31 шілдеде Королев көшесіндегі үйдің ауласында сағат 22:40 шамасында 17 жастағы балалар басқару құқығынсыз көлемі 49,9 текше метрден асатын мотоциклдерді басқарды. Тәртіп бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, онда 30 АЕК айыппұл қарастырылған, көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды. Жалпы, жаз маусымы басталғаннан бері Екібастұз қаласында 8 мотоцикл жүргізушісі түрлі құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды, – деді Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Фаруз Күсембеков.

Айта кету керек, құқық қорғау органдары жол ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді, сонымен қатар тыныштықты бұзғаны үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын еске салады. Ал көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі бойынша жазаланады, бұл 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру