Ақтөбеде пробация қызметкері есепте тұрған сотталғанға жеке куәлік алуға көмектесті
Ақтөбеде пробация қызметкері есепте тұрған сотталғанға жеке куәлік алуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған жеке басын куәландыратын құжатын пробация есебіне алынбай тұрып, 8 ай бұрын белгісіз жағдайда жоғалтқан.
Осыған байланысты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің инспекторы К.Кубаев пробация есебінде тұрған сотталғанға жедел түрде жаңа төлқұжатын алуға әлеуметтік-құқықтық тұрғыда көмек көрсетіп, мемлекеттік баж салығын төледі.
Айта кету керек, Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметінің есебіне алынған күннен бастап, аталған сотталғанның жағдайын оңалту мақсатында пробация қызметкерлерімен психологиялық және әлеуметтік-құқықтық көмек беру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілген.