Алаяқтар ақмолалық тұрғынды 9 млн теңгеден астам қаражатқа сан соқтырды
Алаяқтар ақмолалық тұрғынды 9 млн теңгеден астам қаражатқа сан соқтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұялы телефонына қашықтан қол жеткізу қосымшасын орнатқан қылмыскерлердің кезекті құрбаны 27 шілдеде полиция бөліміне алаяқтық дерегі туралы өтініш білдірген Жақсы ауданының тұрғыны болды.
Әйел ұялы телефонына белгісіз қыздың қоңырау шалғанын, өзін KaspiBank-тің қызметкері ретінде таныстырғанын және өтініш берушінің деректерін нақтылай келе, оның атынан 15 млн теңге сомасында несиеге 4 өтінім берілгенін хабарлады. Күдікті әйелді мұны алаяқтар жасағанына және несие беруден бас тарту үшін шұғыл түрде белгілі бір операциялар жасау керек екеніне сендірген.
Күдікті телефонға «RustDesk» қашықтан қол жеткізу қосымшасын жедел жүктеуді талап еткен. Бұдан әрі жәбірленушімен күдіктінің сыбайласы «жұмыс істеген”. Ол осы қосымшаның көмегімен әйелдің жеке кабинеттеріне қол жеткізіп және оған әртүрлі банктерде онлайн-кредиттер ресімдеп, сондай-ақ оның шотында 556 мың теңге сомасында сақталған ақшалай жинақтарды ұрлап кеткен.
Жалпы шығын көлемі 9 млн 114 мың теңгені құрады.
Осы дерекке қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Қылмыскерлердің орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.