Павлодар облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзған 43 азамат жауапқа тартылды
Павлодар облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзған 43 азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары халыққа сапалы полиция қызметтерін көрсету, жұмыста проблемалық бағдарланған тәсілді жүзеге асыру мақсатында жол-көлік оқиғаларын тудыруы мүмкін бақылаусыз жайылып жүрген малдарға қатысты деректердің алдын алу үшін ауыл тұрғындарымен профилактикалық жұмысты тоқтатпайды.
Мал жаюды бақылауды қамтамасыз етпей, жануар иелері мал ұрлығы үшін тамаша жағдай жасайды және жолдардағы көліктерге елеулі қауіп төндіреді.
Демалыс күндері жылқылардың қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, жергілікті тұрғындардың мал жаю ережелерінің 9 бұзушылығы анықталды.
Мәселен, 5 тамыз күні сағат 00:05-те Атемекен – Курчатовтың республикалық маңызы бар автожолында иесіз жайылып жүрген жылқылар ЖКО тудырып, жүргізушіге моральдық және материалдық залал келтірді.
Тағы бір дерек 6 тамызда сағат 03:30-да, Май ауданы Жаңатілек ауылының жанында болды.
Құқықтық тәртіп сақшылары жануарлардың иелерін анықтады, 53 жастағы және 40 жастағы мал иелеріне қатынасына ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Айта кететін жайт, айыппұлдан басқа, мал иелері жол апатынан зардап шеккен жүргізушілерге материалдық шығынды төлеуге міндетті.
– Жыл басынан бері Павлодар облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін 985 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 43 мал иесіне қатысты әкімшілік материалдар толтырылды және жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан жаю қағидаларын бұзғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деп хабарлады жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азамат Күркебаев.
Полицияда ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымға дейін және кері айдау, ал тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ұстау орындарына дейін жайылымға шығару ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің не олар уәкілеттік берген адамдардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылатынын еске салады.
Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арнайы бөлінген жайылымдарда және басқа да жер учаскелерінде ғана жол беріледі.
Осы ережелерді бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Мал азаматтың мүлкі және оны сақтау шараларын бірінші кезекте мүлік иесі қабылдауы керек.