Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған азаматты “ізін суытпай” ұстады

Павлодарлық полицейлер қарақшылық шабуыл жасады деп күдікке ілінген азаматты “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.Полицияға қала тұрғыны келіп, қарақшылық шабуыл туралы хабарлаған. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Анықталғандай, белгісіз ер адам Бұқар Жырау көшесіндегі үйге заңсыз кіріп, 15 жастағы кәмелетке толмаған қызына зорлық-зомбылық көрсетіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 250 мың теңге көлемінде қаражатын иемденген.

– Арнайы іс-шаралар басталды. Оның барысында полицейлердің кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны ұсталды, – деп Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұсталған адам Павлодар қаласы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру