Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да өзгенің мотоциклін ұрлауға оқталған азамат құрықталды

ШҚО-да өзгенің мотоциклін ұрлауға оқталған азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде айының соңында Өскемен қаласының тұрғыны ПБ Үлбі полиция бөліміне автобекет тұрағынан белгісіз ер адам оның Skyline R11 маркалы мотоциклін ұрлап, оған 1,4 млн теңге көлемінде залал келтірмекші болғаны жөнінде өтінішпен жүгінген.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бейне бақылау камераларының көмегімен 23 жастағы күдіктіні анықтап, ұстаған.

Оның бұрын осындай қылмыс үшін сотталғаны және бас бостандығы шектелгені анықталды.

Белгілі болғандай, ер адам тұрған мотоциклге мінгісі келіп, оны мұқият қарап, иесі кетіп қалғанда өзінің қылмыстық әрекетін іске асырмақшы болған, бірақ пиғылын жүзеге асыра алмаған. Ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Жауап алу кезінде күдікті өз әрекеттерін мойындады.

Оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 188-бабы 1-бөлігі, (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру