Ақмола облысында компьютерлік клубтардан ұрлық жасаған азамат ұсталды
Ақмола облысында компьютерлік клубтардан ұрлық жасаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласының полиция басқармасына кәсіпкерлер өтініш білдіріп, ұрлық деректері туралы хабарлаған. Бір клубта мекеме иесінің өтініші бойынша 24-25 маусым аралығында белгісіз адам Samsung А71 маркалы телефонды ұрлап кеткен.
Екінші жағдайда кәсіпкердің айтуынша, күдікті еркін қол жеткізу арқылы Rolit-2060 маркалы видеокарта бөлшектеліп, ұрланған. Залалдың жалпы сомасы 530 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар адамды анықтады.
Полиция басқармасы екі дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Тұлғаның осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.