ШҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған екі мас жүргізуші ұсталды
ШҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған екі мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласы ПБ Солжағалау полиция бөліміне Сибинская көшесін патрульдеу барысында 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Москвич автокөлік тоқтатылғаны, жүргізушіден алкогольдің өткір иісі байқалғаны туралы ақпарат келіп түскен.
Сонымен қатар тәртіп бұзушы осыған дейін 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Кейіннен масаң күйдегі 32 жастағы BMW жүргізушісі ұсталды. Ол 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырыла тұра, облыс орталығының көшелерінде масаң күйде көлік жүргізген. Тәртіп сақшылары оны тез анықтады. Жүргізілген сараптама полицейлердің күдігін растады.
Аталған екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды.
Масаң күйде көлік жүргізген тәртіп бұзушыларға қатысты белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.