Павлодар облысында өзгенің велосипедің қолды еткен егде жастағы азамат ұсталды
Павлодар облысында өзгенің велосипедің қолды еткен егде жастағы азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Велосипед ұрлығы – маусымдық қылмыс. Әдетте, ол сәуірден қарашаға дейін жасалады. Олар көбінесе қоғамдық орындардан — үйлердің кіреберістерінен, пәтерлерден, дүкендерден ұрланады. Алайда, кейбір жағдайларда көлік құралының иелері өз мүлкіне еге болмай, қараусыз қалдырып, кейде тіпті қарапайым ұрлыққа қарсы құралдарды да пайдаланбайды. Оның салдары ұрлыққа алып келеді.
49 жастағы тұрғынның айтуынша, бірнеше күн бұрын құны 50 мың теңге тұратын Байкал маркалы велосипеді жоғалып кеткен. Велосипедпен жұмысқа келіп, қайтар кезінде велосипедін таппай қалған. Арнайы іс-шараларды жүргізу барысында күдікті анықталып, ұсталды. 60 жастағы жұмыс істемейтін азамат велосипедті бөлшектеп, үйінің гаражында сақтаған.
– Аталған дерек қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Осы баптың санкциясы 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізуді, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, – деп хабарлады Успен ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Арман Ашренов.
Қазіргі уақытта күдіктінің аудан аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.