Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қадағалауға қосымша 33 автопатруль жұмылдырылды

Қостанайда қоғамдық тәртіпті қадағалауға қосымша 33 автопатруль жұмылдырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы және "Автомобиль" облыстық операциясы аясында Қостанай қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалауға қосымша 33 автопатруль жұмылдырылды.

Қостанай қаласы полиция басқармасының бастығы Болат Имановтың айтуынша, патрульдеу кезінде сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін полиция қызметкерлері 102 құқық бұзушылықты анықтаған. 40 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін, 11 жүргізуші қозғалыс кезінде телефонды пайдаланғаны үшін жазаға тартылған. Сондай-ақ 12 автокөлік өрескел заң бұзушылықтар мамандандырылған айып тұрағына қамалған.

Мұндай іс-шараларды полиция қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, тұрақты негізде өңірдің өзге қалаларында да өткізіп тұрады.

Полиция департаменті күшейтілген патрульдеу кезінде облыс орталығында зардап шеккендермен бірде-бір ЖКО жасалмағанын атап өтті.

"Учаске" және "Автомобиль" жедел алдын алу шарасының негізгі мақсаты мен міндеті – құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, автокөлік құралдарын ұрлаудың алдын алу және ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру үшін шараларды күшейту.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру