Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Абай облысында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Салдарынан жаяу жүргінші сол жерде жан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 тамыз күні сағат 19:30 шамасында Зайсан көлінің жағасындағы Тассай ауылдық округінің Береговой учаскесінде белгісіз адамның мәйіті табылған.

Полицейлер 30 жастағы жүргізушіні “ізін суытпай” анықтады, ол мас күйінде Subaru Legacy автокөлік құралының тізгінінде 32 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 32 жастағы жаяу жүргінші жол-көлік оқиғасы болған жерде қайтыс болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары ҚР ҚК-нің 345-1-бабының 3-бөлігі (Абайсызда өлімге әкеп соқтырған, Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін абайсызда бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бойынша анықталып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру