Елордада көліктен ұрлық жасаған күдікті УҰИ-ға қамауға алынды
Елордада көліктен ұрлық жасаған күдікті УҰИ-ға қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астаналық тәртіп сақшыларына елорда тұрғыны көлігінен ұрлық жасалғаны туралы арызбен жүгінген. Жәбірленушінің айтуымен Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден қаскүнемнің ізіне түсіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы ер адамды анықтаған.
Тергеу барысында қаскүнем түнгі уақытта Потанин көшесінің бойында тұрған Volkswagen Passat автокөлігінің салонына еркін кіру арқылы көліктің ішінде ақша мен құжаттары бар ер адамның сөмкесін иемденгені белгілі болды. Ол бірден банк картасы арқылы сол маңдағы дүкенде төлем жасаған. Сол кезде ақшаның есептен шығарылғаны туралы иесіне хабарлама келіп, ол бірден полицияға хабарласқан.
Қазіргі уақытта ер адамның елордада осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Астана қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.