Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер олимпиадалық құрамға енді

2024 жылы Парижде өтетін XXXIII жазғы олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы қатарында Ақтөбе облысы полиция департаментінің екі қызметкері бар, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спортшы полицейлердің бірі – 31 жастағы Есет Қуанов. Ал екіншісі – 29 жастағы Мирамбек Айнағұлов. Қос палуан талай байрақты бәсекелерде ел мәртебесін биікке көтеріп, жеңіс тұғырына көтеріліп жүрген жігерлі жігіттер.

Мейрамбек Айнағұлов – Ақтөбе облысының Шалқар ауданының тумасы, грек-рим күресінен Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионатының 4 дүркін, Азия ойындарының бір дүркін жүлдегері.

Есет Қуанов – Ақтөбе қаласында туып-өскен, самбо және дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Самбодан әлем чемпионы, 3 дүркін Қазақстан чемпионы, әлем кубогының 5 дүркін чемпионы, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері. Сондай-ақ дзюдодан Азия кубогы мен Еуропа кубогының жеңімпазы, Қазақстан чемпионы.

Спорттық додаларда егемен ел мерейін асқақтатып жүрген ақтөбелік сақшылар М.Айнағұлов пен Е.Қуанов қазіргі уақытта еліміздің олимпиадалық құрамы сапында оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру