Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері 347 көлікті тексерді

Павлодар облысының полицейлері рейдтік іс-шара барысында 347 көлікті тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полицейлері ТЖД-мен бірлесіп, автокөлік құралдарын газбен заңсыз қайта жабдықтау фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтер жүргізді.

Рейд барысында 347 автокөлік тексеріліп, газ жабдығын заңсыз орнатудың 11 фактісі анықталды. Көлік иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік материалдар жасалды. Автомашиналар қамауға алу себептері жойылғанға дейін арнайы айыппұл тұрақтарына қойылды.

Мысалы, Павлодар қаласында газ жабдығы орнатылған 24 жастағы жүргізушінің басқаруындағы LADA Granta автокөлігінің көлік құралын тіркеу куәлігінде қайта жабдықтау көрсетілмеген. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылып, жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша жауапқа тартылды.

Полиция департаменті көлік құралын тиісті рұқсатсыз басқару үшін 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру