Павлодарлық полицейлер оқушыларға құқықтық дәріс өткізді
Павлодарлық полицейлер оқушыларға құқықтық дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Проблемалық бағдарланған тәсіл мақсатында «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы аясында 1 қыркүйекте Павлодарлық полицейлер жол қозғалысының кішкентай қатысушыларына көмек көрсету үшін оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындарға қатысты. Сондай-ақ, жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында мектептер маңында және кәмелетке толмағандардың қарқынды қозғалыс орындарында полиция жасақтары қойылды, тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында патрульдеуді жүзеге асырады.
– Сонымен қатар мектептерде құқықтық дәрістер өткізілді. Егер бірінші сынып оқушыларына көшедегі жол қозғалысы мен тәртіптің негізгі ережелері түсіндірілсе, онда 9-11 сынып оқушыларымен құқықтық тәртіп сақшылары аса маңызды құқықтық тақырыптар бойынша әңгімелесті. Іс-шараға Полиция департаментінің басшылығы да қатысты. Жыл басынан бері облыста 17 жасөспірім қылмысқа қатысты. Біз оқушыларды заңдылық пен тәртіпті сақтауға, басқалардың қателіктерін қайталамау үшін бір-біріне және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырамыз, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Спикерлер кәмелетке толмағандардың жасаған әрекеттері үшін жауапкершілігі туралы да хабардар етті.
– Мәселен, кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі 16 жастан бастап, ерекше жағдайларда ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша 14 жастан бастап ұсақ бұзақылық жасағаны үшін туындайды. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы 16 жастан, ауыр және аса ауыр түрлерді жасағаны үшін 14 жастан басталады. Дәрістерде балалардың қатысуымен жол қауіпсіздігі тақырыбы да қозғалды. Сонымен, жыл басынан бері 50 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда, өкінішке орай, 2 бала қайтыс болды, 48-і дене жарақатын алған. Құқық қорғау органдары оқушыларға көшеде болған кезде жолдың жүру бөлігін қатаң жасыл бағдаршам сигналына, ал ол болмаған кезде тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өту керектігін еске салды. Құлаққапты шешіп, жолды мұқият қадағалаңыз. Мұндай дәрістер тұрақты негізде өткізілетін болады, – деді полицейлер.