Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлерге психологиялық семинар-тренинг өтті

Шымкенттік полицейлерге психологиялық семинар сабақ пен тренингтік жаттығулар кешені жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында «Стресстің алдын алудағы ең басты құндылық эмоционалдық интеллект» тақырыбында кадр саясаты басқармасының психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру бойынша басқарма басшысының орынбасары Екатерина Точилова мен аппарат психологтары Феруза Аматаева, Жанар Оразбаеваның ұйымдастыруымен семинар-тренинг өтті.

Ерекше форматта өткізілген іс-шараға полиция департаментінің 200-ден аса тәртіп сақшысы қатысты. Өткізілген тренинг қызметкерлердің шешім қабылдауға, әлеуметтік қарым-қатынас, стреспен күресу қабілетін арттыруға, өзін-өзі басқаруға, ең бастысы отбасылық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталды.

Жалпы, эмоционалдық интеллект дегеніміз – адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және сол эмоциялық күйге бейімделу және басқару. Полиция қызметі ең ауыр және психикалық травмасы жоғары сала түріне жатады. Сол себепті де зейнетке ерте шығару тәсілі қолданылады.

Семинар-тренингте психолог мамандар полиция қызметкерлеріне азаматтармен қарым-қатынас орнату кезінде сыпайылық таныту, өзін қарапайым әрі сабырлы ұстау және кәсіби құзыреттілігін дұрыс пайдалану туралы түсіндірді. Ал ұжым арасында бір-біріне деген сенімділік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру, психологиялық қолдау көрсету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруды атап өтті.

Сондай-ақ ажырасудың алдын алуға, отбасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған тақырыптарда талқыланды. «Отбасылық дағдарыстың алдын алу және отбасылық психотерапия» және «Менің отбасым» ата-аналарға арналған тренинг-жаттығулар кешені туралы жадынамалар таратылды.

Семинар-сабақта арнайы слайд пен бейнематериалдар көрсетіліп, қызметкерлер тарапынан қызу талқыланды. Тәртіп сақшылары жеке пікірлерін ортаға салып, мамандардан психологиялық кеңестер мен бағыт-бағдар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру