Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының ПД бастығы тұрғындарды қабылдады

Қостанай облысының ПД бастығы халықты қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнінде облыс тұрғындары полицияға қандай сұрақтармен жүгінгені туралы Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин өзінің жеке Facebook парақшасында атап өтті.

Қостанай облысы ПД бастығының айтуынша, халықты қабылдауда азаматтар түрлі сұрақтармен жүгінген. Оның бірқатары тыныштықты бұзудан бастап облыс аймақтарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жайлы сауалдар.

– Жұртшылықпен тығыз ынтымақтастықта ғана біз қылмыспен күресте аса маңызды нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Мысалы, МЕБ төрағасы – Айслу Дощанова Майлин көшесіндегі аулаларда бейнебақылау камераларын орнату қажеттігі туралы айтты, – деп атап өтті Ерлан Файзуллин.

Облыс тұрғындары тыныштықты бұзу мәселелерін де атап өтті. Қостанай облысы ПД бастығының айтуынша, оларды жергілікті полиция қызметі бақылауға алады.

– Сондай-ақ қабылдау барысында спорттық дәстүрлерді белсенді қолдайтын «Үміт – Надежда» ҚБ төрағасының орынбасары Аруна Жақсағұловамен сөйлесті. Ол парабиден ҚР спорт шебері, ҚР құрамасының мүшесі. Біз диалогқа ашықпыз және қоғамдық бірлестікпен ынтымақтастықтың жақсы дәстүрлерін қолдайтын боламыз, – деп бөлісті ПД бастығы.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні облыста үшінші рет өткізіліп жатыр және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қалыптастырудың үлгісі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру