Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ қатары жас мамандармен толығып жатыр

Қостанай облысы ПД қызметкерлерінің қатарына қосылған жас мамандар бұл мамандықты неге таңдағандары туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалистер ішкі істер органдарында сұранысқа ие. Сондықтан да полиция академияларының түлектері бұл бағытты жиі таңдайды. Полиция қызметкерлерінің жас ұрпақтары бұл мамандыққа үлкен ынтамен келеді.

Қостанай қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің жас криминалистерінің бірі Ұлжан Бақытжан ҚР ІІМ Қарағанды академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы, жедел-криминалистикалық қызметі мамандандырылуы бойынша бітірген.

– Полиция қызметкері болу деген ұмтылыс мен 8 сынып оқушысы болған кезде пайда болды. Жасөспірім кезімде мен үшін атам үлгі болды, ол учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарған. Оның еңбекқорлығы, адалдығы, әдептілігі әрқашан да таңданыс тудыратын. Оның өмірлік ұраны: «Міндет. Абырой. Ерлік», – деді полиция лейтенанты.

Рудный қаласының тағы бір жас маманы Нұрдәулет Аманбеков криминалист мамандығын таңдаған, себебі қылмыс орнына бірінші келетін қызметкер болып табылады. Қылмыстық істің әрі қарай тергелуі оның іс-әрекеттеріне байланысты. Ол біртіндеп болған оқиғаның суретін қайта жасайды және қылмыс орнын бекітеді.

– Мен үшін заттай дәлелдемелер тікелей іздеу және зерттеу – бұл қызықты және маңызды іс, – деп атап өтті полиция лейтенанты.

Қазіргі уақытта жас мамандарда дактилоскопия, суық қаруды зерттеу, атыс және басқа да қаруларды трасологиялық, баллистикалық зерртеуді өткізу құқықтары бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру