Түркістанда өрт сөндіретін құралдарды ұрлап, сатып жіберген күдікті құрықталды
Түркістанда өрт сөндіретін құралдарды ұрлап, сатып жіберген күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық полиция басқармасына тұрғын үй инспекция бөлімі мемлекеттік мекемесінен арыз келіп түсті. Жәбірленуші тараптың айтуынша, көпқабатты үйлердің бірінен белгісіз біреудің өрт сөндіру құралдарын ұрлап кеткені жөнінде хабарлаған.
Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Істі ашуға жылдам кіріскен тәртіп сақшылар қажетті жедел-тексеру шараларын жүргізді. Іздестіру шаралары кезінде күдіктінің бұл әрекеті бейнебақылау камерасы арқылы анықталды.
Нәтижесінде күдікке ілінген ер адам жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, 37 жастағы ер адам күндізгі уақытта екі подъезд өрт сөндіру құралдарын жымқырып, көлігіне тиеген. Содан оны темір өткізетін орынға сатып жіберген. Тәртіп сақшылары қолды болған өрт сөндіру құралын айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.