Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Есірткісіз болашақ»: Алматы академиясында жаһандық проблеманы шетелдік мамандар кеңінен талқылады

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында есірткі проблемасына және олардың қоғамға беретін әсеріне арналған маңызды халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл іс-шараға Қазақстан, АҚШ, Қырғызстан, Тәжікстан құқық қорғау органдарының, сондай-ақ БҰҰ, ОАӨАҮО өкілдері, сондай-ақ ҰБП бағдарламаларының үйлестірушілері және басқа да сарапшылар қатысты. Осындай жетекші ұйымдар мен атқарушы құрылымдардың қатысуы нашақорлық проблемасының жаһандық ауқымын және оны шешу тәсілдеріндегі бірігуінің маңыздылығын атап өтті.

Конференция барысында қатысушылар есірткінің таралуын болдырмауға және оларға сұранысты азайтуға бағытталған түрлі тәсілдер мен стратегияларды талқылады. Әсіресе жастар арасында танымал бола бастаған синтетикалық есірткі мәселесіне ерекше назар аударылды.

Конференцияға қатысушылар синтетикалық препараттарды өндіру мен таратудағы жаңа «трендтерді», сондай-ақ олардың денсаулық пен қоғамға әсерін талқылады. Сонымен қатар оларды өндіру мен өткізудің жолын кесу жөніндегі шаралар, сондай-ақ жастар мен кәмелетке толмағандар арасында оларды тұтынудың алдын алуға бағытталған профилактикалық әдістер талқыланды.

Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, елде бір жылда шамамен 3 мыңға жуық есірткі қылмысы жасалады, оның 60%-дан астамы есірткі сатумен байланысты. 15-20 тоннаға жуық түрлі есірткі заттары тәркіленеді.

Атап айтсақ, еліміздің есірткіге қарсы күрес бойынша заңнамаға жаңа түзетулер мен өзгерістер енгізілді және осы бағытта қылмыстық жауапкершілік те қатайды.

Конференцияның басты назарының бірі есірткі жағдайының алдын алуға және оған қарсы күреске, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тікелей қатысатын жоғары білікті мамандарды оқытумен және даярлауды жүзеге асыратын ІІМ Алматы академиясының маңызды рөлін жайында айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру