Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы қоғамдық көліктерде зейнет жасындағы қалта ұрысы анықталды

Қоғамдық көлікте ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған 63 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұстауды қаланың Медеу ауданының жедел уәкілдері жүргізген.

– 1960 жылы туған И.есімді азамат смартфон ұрлады деген күдікке ілікті. Алматы облысының тұрғыны қаланың әртүрлі аудандарында бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқаны белгілі болды. Соңғы эпизодта Назарбаев даңғылы мен Райымбек даңғылының қиылысында 225-бағыттағы қоғамдық көлікке мініп бара жатып, жолаушының қалтасынан IPhone телефонын ұрлап кеткен. Тергеу айғақтық негізде жұмыс істеп, күдіктінің қаланың басқа аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұған дейін де ұрлық пен тонау жасағаны үшін сотталғаны белгілі. Телефон айғақты зат ретінде тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс материалдарына қосылды, – деп хабарлады Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру