Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ұрлықпен айналысқан күдікті қамауға алынды

Алматыда ұрлықпен айналысқан күдікті қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше рет сотталған азамат Алматы аумағында кем дегенде 20 ұрлық жасады деген күдікке ілінді.

Алмалы ауданының полицейлері ойын-сауық орындары мен әкімшілік ғимараттарда бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен Түркістан облысының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Жас жігіт көбінесе әртүрлі гаджеттер мен әмияндарды ұрлады.

– Жедел уәкілдер іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде 20-ға жуық ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы С.есімді азаматты ұстады. Қаскөй күн сайын дерлік түрлі мүлікті ұрлады. Оның бірнеше ұрлығы мекемелерде орнатылған бейнебақылау камераларына жазылып қалған, – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс тергеліп жатыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру