Алматы полицейлері мүліктік алаяқтықтың бетін ашты
Алматы полицейлері мүліктік алаяқтықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны кем дегенде 15 адамды алдап үлгерді. Жылжымайтын мүлік саласында бірқатар алаяқтық әрекеттерді жасады деген күдікке 1985 жылы туған К.есімді әйел ілікті.
Әйел адам тұрғын үйді жалға беру бизнесімен айналысқан. Пәтер жалдаған. Меншік иелерімен келісімшарт жасалғаннан кейін пәтерді басқа адамдарға «ұзақ уақытқа жалға берген». «Пәтер иесінің» жалғыз шарты алдын ала төлем жасау немесе тұру ақысын толықтай төлеу болды. Ал ақша 150-ден 400 мың теңгеге дейін өзгерді. Жедел уәкілдер бұл қылмыстарды жасаған күдіктіні анықтады және ұстады. Бірқатар алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұсталған азаматша осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болған, – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.