Абай облысында колония аумағына телефон лақтырмақ болған азамат ұсталды
Абай облысында колония аумағына телефон лақтырмақ болған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы ҚАЖ департаментінің № 20 мекеме жедел бөлім қызметкерлері, аумақтық сыртқы периметрді жасырын патрульдік бақылау барысында, мекеменің жедел бөлім қызметкерлері Р. Абишев, М. Секенов, Б.Рамазановтармен бірлесе 5511 Ұлттық гвардия 3 класстағы сержанты А. Сыдыковпен тыйым салынған затты лақтырмақ болған азамат Ч. ұсталды.
Семей қаласы тұрғынын жеке тексеру барысында 1 скотч жапсырмасына оратылған орама табылды. Орамадан қара түсті Nokia телефон, 1 қуаттандырғыш тоғы тәркіленді. Әңгіме барысында Семей қаласы тұрғынының Ерема есімді (есімі өзгертілген) сотталғанға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізгісі келгенін мойындады.
– Сотталғандардың туыстары ескертулер мен түсіндірулерді ескерместен тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге тырысады. Енді Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жазаға тартылады, – деп атап өтті жедел бөлім қызметкері Әділет Кулатаев.