Алматыдағы балалар колониясына Паралимпиада жүлдегері барды
Алматыдағы балалар колониясына Паралимпиада жүлдегері барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесіне қазақстандық дзюдошы-паралимпиадашы, Токиодағы 2020 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Теміржан Дәулет барды.
Спортшының сапары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.
Кездесу барысында Паралимпиада ойындарының жүлдегері спорттағы өмір жолы туралы айтып, жасөспірімдерге пайдалы кеңес берді. Балалар дзюдошыны асқан таңданыспен тыңдап, сондай-ақ өздерінің спорттағы жетістіктерімен және пікірлерімен бөлісті.
Қызықты кездесу соныңда спортшы дзюдо техникасын көрсетіп, осылайша балалардың шығыс жекпе-жегінің ең танымал түріне деген қызығушылығын оятты.