Ақтөбе облысының полицейлері фермерге ұрлыққа түскен тұрғындарды қолға түсірді
Ақтөбе облысының полицейлері фермерге ұрлыққа түскен тұрғындарды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әйтеке би ауданында белгісіз тұлғалар Жамбыл ауылынан 25 шақырым жердегі шаруа қожалығының аумағында тұрған ЕНИСЕЙ комбайнының жанармай багінен 230 литр дизель отынын (солярка), сондай-ақ екі аккумулятор мен гидравликалық шлангтарды ұрлаған. Шаруа қожалығының басшысына келтірілген залал шамамен 300 мың теңгені құрады.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Әйтеке би ауданының үш тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктілердің бірінің ауласынан заттай дәлелдемелер алынды.
Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.