Қостанайдың патрульдік полицейлерімен жеке қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша практикалық сабақ өткізіледі
Қостанайдың патрульдік полицейлерімен жеке қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша практикалық сабақ өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай қаласының патрульдік полиция батальонымен тактикалық-арнайы дайындығын Қостанай облысы ПД арнайы жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері өткізді.
Олар көлікте отырған құқық бұзушыларды ұстау тәсілдерін анық көрсетті. Департаментте полиция қызметкерлерін оқытудың арнайы әдістемесі бар, ол өзінің тиімділігін көрсетті.
– Жаттығу барысында тәртіп бұзушыларды ұстау кезінде полицейлердің іс-қимыл алгоритмдері пысықталады. От пен дене шынықтырумен қатар қызметкерлер психологиялық тұрғыдан да дайындалады. Әсіресе сыртқы қызмет мамандары. Себебі олар күн сайын құқық бұзушылыққа тап болады, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД АЖДБ бастығының орынбасары Марат Мамаев.
Осындай сабақты қала маңындағы трассаларға қызмет көрсететін патрульдік полиция ротасының қызметкерлері де өткізді.