Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны ұлын жұмысқа орналастыру үшін алаяққа 2,5 млн теңге берген

Ұлын жұмысқа орналастырмақ болған Шымкент тұрғыны 2,5 млн теңгесінен айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұран аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс ер адам өзінің байланыстары арқылы оның ұлын қалалық әуежайдың қауіпсіздік бөліміне жұмысқа орналастыруға уәде берген. Ол осы қызметі үшін сенгіш әйелден 2,5 миллион теңге алып, «ізін суытқан».

Аталған жайт бойынша Тұран АПБ-ның анықтаушылары Қылмыстық кодекстің 190-бабымен тергеу амалдарын бастады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде тәртіп сақшылары 41 жастағы күдіктіні анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі таңда полицейлер барлық айғақтарды жинап, қылмыстық істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.

Полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың айласына түспеуді, бейтаныс адамдарға сенбеуді және ақша аудармауды, тек тиісті мекемелерден қызмет алуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру