Алматыда жол ережесін бұзған азамат жазаланды
Алматыда жол ережесін бұзған азамат жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісінің жол ережесін бұзу деректері анықталды.
Жергілікті полиция қызметінің жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері Гагарин көшесінің бойымен оңтүстік бағытта қарама-қарсы қозғалыста келе жатқан 2004 жылы туған Н.есімді азаматты ұстады. Полицейлер қаладағы бейнебақылау жүйелері арқылы құқық бұзушылықты анықтады.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Құқық бұзушының көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды.