Семейлік полицейлер тұрғынға құны 20 млн теңге болатын жоғалған 50 ірі қараны тауып берді
Семейлік полицейлер тұрғынға құны 20 млн теңге болатын жоғалған 50 ірі қараны тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 желтоқсанда Әуезов полиция бөліміне жергілікті тұрғын ірі қарасының жоғалғаны туралы хабарлап көмек сұрады. Ер адам осы жылдың 10 желтоқсанында түскі уақытта Семей қаласынан 40 шақырым қашықтықта Знаменка тасжолындағы шаруа қожалығының аумағынан 50 бас ірі қарасының жоғалып кеткенін түсіндірді.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өтініш келіп түскеннен кейін полиция қызметкерлері іздеу іс-шараларын ұйымдастырды. Жоғалған ірі қараны іздеуге атты полиция, қарда жүретін көліктер жұмылдырылды, сондай-ақ жақын маңдағы аумақты айналып өту үшін дрон көтерілді.
Іздеу шараларының нәтижесінде жоғалған сиырлар осы жылдың 12 желтоқсанында табылды. Қаланың криминалдық және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қарағаштар арасында далада жоғалған жерден 18 шақырым қашықтықта жоғалған малды тапты.
Өз кезегінде мал иесі полиция қызметкерлеріне жедел әрекеттері үшін алғысын білдірді. Өйткені, іздеуді кейінге қалдыру малдың өліміне әкеп соқтырар еді.