Алматыда ірі алаяқтыққа қатысы бар адам ұсталды
Алматыда ірі алаяқтыққа қатысы бар адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға алаяқтық туралы бірнеше хабарлама келіп түсті. Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреу қаржылық интернет алаңында ақшаны криптоволютаға айналдырамын деген желеумен ірі көлемде ақшаны иемденген.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бірі – К.есімді азамат ұсталды. Анықталғандай, жас жігіт алаяқтық жолмен алынған ақшалай қаражатты қабылдап отырған. Ұстау кезінде күдіктіден 3 телефон, 8 SIM-карта және әртүрлі адамның атына ашылған 14 банк картасы тәркіленді. Осы дерек бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеп жатыр, – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетке басқа да қатысушыларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.