Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Қостанай облысында ата-ана міндетін тиісінше орындамаған 400 заңды өкіл жауапқа тартылды

Қостанай облыстық ПД бастығы ювеналды полиция инспекторларымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде ювеналды полицейлердің жүргізген жұмыстарының арқасында жасөспірімдердің қатысуымен болатын қылмыс саны 15,9%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта 1650-ден астам кәмелетке толмаған бала мен 1000 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері ювеналды полиция инспекторлары ата-ана міндетін тиісінше орындамаған 400 заңды өкілді жауапқа тартты. Балалар мен жасөспірімдердің түнде ата-анасының еріп жүруінсіз көшеде болуының 3300-ден астам фактісі және ойын-сауық орындарында 63 дерек анықталды.

– Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу ерекше маңыздылық пен өзектілікке ие болады. Полицияның ювеналды инспекторы тек ішкі істер органдарының қызметкері ғана емес, ол ең алдымен сауатты педагог және жанашыр психолог болуы керек. «Қиын» балалармен ортақ тіл таба білу үшін, олардың неліктен осы немесе басқа әрекеттерді жасайтынын түсіну үшін оларға көмектесуге тырысу керек, – деп атап өтті полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Кездесу барысында облыстың бас полицейі ювеналды полицияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Көп нәрсе ювеналды полиция инспекторларының жұмысына байланысты. Себебі олар ата-аналармен және мұғалімдермен бірге балаларды теріс әсерден қорғауға арналған. Облыс бойынша барлығы 102 ювеналды инспектор жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру