Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полициясы 121 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті

Биыл Павлодар облысының полициясы 121 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Бұл туралы облыстық полиция ведомствосының басшысы Василий Скляр брифингте айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл облыстық полиция жол қауіпсіздігі желісі бойынша 121 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың және қоғамдық қауіпсіздік бойынша 59 мыңнан астам тәртіп бұзушылықтың жолын кесті. Оларға 1,6 млрд теңге сомасындаайыппұл салынды, 3903 адамға әртүрлі мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза қолдану туралы қаулы шығарылды.

Жыл басынан бері 1288 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды, оның ішінде 930 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды. 52 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылық интегралды – «Автоураган», «Кибер-Шериф» «ZERGEK» бұзушылықтарды анықтау жүйелерімен redspeed стационарлық жылдамдық өлшегіштерімен тіркелген. 3 млн 457 мың теңге сомасында 3 және одан да көп төленбеген айыппұлы бар 17 құқық бұзушының жолын кесті, оларды ұстауға жеке құрам бағдарланған. Олардың деректері 4 патрульдік автокөлікте орнатылған «Кибер-Шериф» базасына енгізілді.

Мысалы, жол жүру ережелерін бұзған 8 және 395 500 теңге көлемінде айыппұл салынған автокөлік жүргізушісі ұсталды, бұл көлік құралы әкімшілік айыппұлдар толық өтелгенге дейін мамандандырылған тұраққа қойылды. Жол-техникалық инспекция қызметкерлері 32463 км-ді қамтумен жалпы пайдаланымдағы автожолдарға 1262 тексеру жүргізді, онда 4403 ақау анықталды. Тиісті органдарға бұзушылықтарды жоюға 1237 ұйғарым берілді. Жолдарды қанағаттанарлықсыз күтіп ұстағаны және жолдарда жұмыс жүргізу ережелерін бұзғаны үшін 311 лауазымды және заңды тұлға жазаланып, 8 млн 136 975 теңге сомасына айыппұл салынды.

Мысалы, қазан айында Екібастұз қаласының көше-жол желісіне тексеру жүргізілді, анықталған кемшіліктер бойынша арнайы орынға нұсқама енгізілді. Алайда нұсқама орындалмады, анықталған кемшіліктер жойылмады. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 4, 3-бөліктері бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жіберілді. Осы бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза 120 АЕК мөлшерінде көзделген.

Полиция азаматтық және қызметтік қарудың айналымын бақылау, иелерінің қаруды сақтау, тіркеу және қайта тіркеу шарттарын уақытылы тексеру, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді тұрғындардан алып қою, сондай-ақ атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстың алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Биыл азаматтық қарудың 9417 иесі тексеріліп, бұзушылықтар үшін 577 адам жазаланды. Бүгінде полиция департаменті халыққа 34 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мәселен, облыс полициясы процессингтік орталық желісі бойынша 97750, жол-техникалық инспекция желісі бойынша 875 және қару айналымын лицензиялау және бақылау саласында 2867 қызмет көрсетті. Нәтижесінде 119004 азамат, оның ішінде жүргізуші куәліктерін беру бойынша – 28967, көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу мәселесі бойынша көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша – 88527, МТНБ түпнұсқаларын беру бойынша – 1510 және көлікті қайта жабдықтау туралы куәліктерді беру бойынша 1065 азамат жүгінді.

Мәлімет үшін: облыстың автожолдарында «Қазақавтожол» филиалымен бірлесіп республикалық трассалардың апатты-қауіпті учаскелерінде жануарлардың 15 макеті орнатылды, 102 ақпараттық панно, елді мекендер мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің маңында 95 стробоскоп, 420 м 2 дыбыс жолағы орнатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру