Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтар 28,7%-ға төмендеді

Жетісу облысында қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтар 28,7%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының аумағында қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтар санының айтарлықтай төмендеуі байқалады.

Көшедегі қылмысты тұрақтандыру мақсатында полицейлер жасақтардың тығыздығын күшейтті, сондай-ақ патрульдеу бағыттарының сызбаларын қайта қарады. Бағыттарды қайта қарау және бекіту криминогенді жағдайдың нақты жай-күйін ескере отырып жүйелі түрде жүргізіледі.

– Жеке құрамның барынша көп санының қатысуымен және құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдарды тарта отырып, қалалар мен басқа да елді мекендердің көшелерін патрульдеу ұйымдастырылды. Полиция жасақтарының бағыттары мәдени ойын-сауық кешендеріне, базарларға, сауда үйлеріне, автожанармай құю станцияларына және басқа да қоғамдық учаскелерге барынша жақын,– деді облыс ПД ЖПҚБ-ның бастығы Қайсар Мұхметов.

20 желтоқсандағы соңғы талдауға сәйкес, өңірдегі бұл көрсеткіштер қоғамдық орындарда 28,7% – ға (1091-ден 778-ге дейін) және көшелерде 19,4% – ға (521-ден 420-ға дейін) төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру