Астаналық полицейлер тұрғынды тонаған ер адамды ұстады
Астаналық полицейлер тұрғынды тонаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғынды тонаған күдіктіні анықтады.
Таңғы уақытта астаналық үйіне келе жатқан кезде оған белгісіз екі жігіт жақындап, оны ұрған. Сонан соң телефонын тартып алып, қаша жөнелген. Олардың қашып бара жатқан сәті камераға түсіп қалған.
Шабуылдаушы жәбірленушінің қолынан Tecno Spark Pro-9 телефонын жұлып алып, оқиға орнынан ізін суытқан. Ол 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, анықталған азаматтың елорда аумағында осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.