БҚО полицейлері алаяқтық бойынша іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсірді
БҚО полицейлері алаяқтық бойынша іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері БҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесе Түркістан облысы аумағында алаяқтықпен айналысқаны үшін іздеуде жүрген ер адамды анықтап, қолға түсірді.
Ол Түркістан облысының тумасы екені анықталды. Түркістан облысының полиция департаменті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) күдіктіге іздеу жариялаған.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат Приурал полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
БҚО полиция қызметкерлері жыл басынан бері іздеуде жүрген 4 қылмыскерді анықтады.
Өткен жылы полиция қызметкерлері 89 қылмыскерді іздеп тапты. Соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 34 қылмыскер, онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін 55 қылмыскер табылды.
Іздеп табылған 16 қылмыскер өткен жылдардағы әртүрлі қылмысты жасағаны белгілі болды. Оның ішінде 2 қылмыскер кісі өлтіргені үшін ұсталды.
Сондай-ақ өзге елде 9 қылмыскердің мекенжайы анықталды, оның ішінде Ресей Федерациясы аумағында – 6, Францияда – 1, Польша елінде – 1 және Әзербайжан елінде 1 қылмыскердің болу мекенжайы анықталды.
Қазіргі уақытта оларды Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.