Павлодар облысының полициясы заңсыз аң аулау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр
Павлодар облысының полициясы заңсыз аң аулау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауыл тұрғындарының қырағылығының арқасында Мичурино ауылының маңындағы Ертіс өзенінің аумағында полиция қызметкері орман мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің өкілімен бірлесіп ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заңсыз аң аулау фактісінің жолын кесті.
– Маған жергілікті тұрғындардан қоңырау келіп түсті, олар екі адамның аң аулайтынын хабарлады. Аталған жерге келгенде, екі ауыл тұрғынының елікті заңсыз аулағаны анықталды. 12 жануардың ұшасы, қарда жүретін көлік, бес тегіс ұңғылы мылтық табылды. Күдіктілерге қатысты заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.