Елордада алаяқтық жасаған қонақүй әкімшісі құрықталды
Елордада алаяқтық жасаған қонақүй әкімшісі құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 28 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында жігіттің сол жақ жағалауда орналасқан қонақ үйлердің бірінде әкімші болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Ресепшенде жалға берілген бөлмелер үшін төлемді қабылдау кезінде қаскүнем келушілерге ақша аудару үшін өз шотын берген. Осылайша алаяқ қалтасына 130 мың теңгені заңсыз салған.
Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.