Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жалған нөмірмен көлік басқарған азамат ұсталды

Павлодарда мерзімі өткен жүргізуші куәлігімен және жалған нөмірмен көлік басқарған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полицейлері мерзімі өткен жүргізуші куәлігі мен жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісін ұстады.

– Жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерді ауыстырып тағу фактілері анықталды. Құқық бұзушының басты мақсаты – бұзушылықтарды тіркеу камераларын алдау. Бірақ арнайы мәліметтер базасында барлық ақпарат бар, – деп хабарлайды Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Мысалы, Павлодар қаласының Қамзин – Амангелді көшелерінің қиылысында ВАЗ 2114 көлігі тоқтатылды. Жүргізуші жалған нөмірмен автокөлікті жүргізген, сонымен қатар бұл көлік көрші мемлекетте есепте тұр, ал жүргізуші оған қазақстандық нөмірлерді тағып алған. Сондай-ақ жүргізушінің жүргізуші куәлігі мерзімі өткен.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері көрінеу жалған көлік құралын жүргізгені үшін жүргізуші жазаланды. Ол 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Көлік құралын құқығы жоқ адамның жүргізгені үшін жүргізушіге қатысты 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру