Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері шаруа қожалықтарының иелерімен меморандум жасасуды ұсынды

Жетісу полицейлері шаруа қожалықтарының иелерімен меморандум жасасуды ұсынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15-26 қаңтар аралығында республика аумағында өткізіліп жатқан «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде полиция қызметкерлері ауыл әкімдерімен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп шаруа қожалықтары мен шалғайдағы учаскелерді тексеруді ұйымдастырды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, облыс аумағында мал шаруашылығымен айналысатын 2300-ге жуық шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Олардың бір бөлігі елді мекендерден алыс, таулы және дала аймақтарында орналасқан.

– Іс-шараның мақсаты – шаруа қожалықтарында әсіресе шалғайда орналасқан жерлердің жұмысшыларын, олардың жеке басын куәландыратын құжаттарының бар-жоғын, қандай да бір құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексеру, сондай-ақ оларға қатысты бұзушылықтарды анықтау. Бұдан басқа, шаруа иелері жұмыс беруші мен қызметкер арасында шарттың болуы туралы ескертілді, – деп атап өтті ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мұхметов.

Статистиканы ескере отырып, ауыр қылмыстардың көп бөлігі отбасылық-тұрмыстық салада, атап айтқанда, елді мекендерден алыс жерлерде болады. Осыған байланысты, шаруа қожалықтары мен шалғай учаскелердегі қылмыстың алдын алу мақсатында ПД жергілікті полиция қызметінің бастамасы бойынша шаруашылық иесі, жергілікті әкімдік және аумаққа қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторы арасында үш жақты меморандум жобасы әзірленді.

– Меморандумға сәйкес – жұмыс беруші бірінші кезекте жұмысқа келген адамның құжаттарын талап етіп, учаскелік инспекторға өзіне қатысты мәліметтерді тексертуге міндетті, содан кейін оның жалақысы, тұрмыс жағдайы және мал жаю үшін жауапкершілік көрсетіледі. Жақын арада осы келісімді жасасу бойынша жұмысты бүкіл өңірдің аумағында жүргізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта, облыс бойынша учаскелік полиция инспекторлары үш жақты меморандумды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, – деп түйіндеді Қ.Мұхметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру