Жетісу полицейлері оқушылар арасында есірткіге қарсы викториналық ойын ұйымдастырды
Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу бойынша креативті әдістерді пайдаланып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу полицейлері үкіметтік емес ұйымдармен және нарколог-дәрігерлермен бірлесіп, жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында әдеттегідей өткізелетін профилактикалық іс-шараларға зияткерлік викториналар өткізу арқылы өзгеріс енгізді.
– Біз ҚР ІІМ-нің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде ұдайы негізде профилактикалық іс-шаралар өткіземіз. Өтпелі жастағы өз қиындықтары бар жастардың ең осал буыны болғандықтан, жоғары сынып оқушыларына ерекше назар аударылады. Олардың қызығушылықтарын арттыру үшін біз күнделікті дәрістерді интеллектуалды викториналармен алмастыруды жөн көрдік, – деп айтылды ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында.
Жасөспірімдер интеллектуалды викторинада белсенділік танытып, сондай-ақ есірткіге қарсы тақырыпта өз ұрандарын құрастырып, салауатты өмір салтын насихаттады. Іс-шара соңында оқушыларға есірткіден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын ақпараттық кітапшалар таратылды.