Абай облысы ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері ауған соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды
Абай облысы ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері ауған соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл Ауғанстаннан Кеңес әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толды. Осы іс-шараға орай Абай облысы бойынша ҚАЖД № 20 мекемесінің қызметкерлері қаза тапқан ауған жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Салтанатты рәсімге Абай облысы бойынша ҚАЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Муратқазы Ахметжанов, № 20 мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ерсін Ахметжанов, тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Динара Қарабаева, сондай-ақ мекеме қызметкерлері қатысты. Жиналғандар бір минут үнсіздікпен батырларды еске алды.
Сонымен қатар мекеме қызметкерлері ауған соғысына қатысқан ардагерлерін, бұрынғы ҚАЖ зейнеткерлерін Жумағали Мұсабековты, Естай Умарбековты, Куралжаг Сармурзинаны, Аскар Жарасбаевты 35 жылдығымен құттықтады. Ардагерлерге алғыс сөздер мен құттықтаулардан басқа алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
ҚАЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы ауған соғыс ардагерлеріне бақыт, сәттілік, денсаулық, еңбекте табыс тіледі.