Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері бейнетіркеудің автоматты жүйелері туралы айтты

Жетісу полицейлері бейнетіркеудің автоматты жүйелері туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өткізіліп, онда полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығында орнатылған автоматты бейнетіркеу жүйелерінің жұмыс істеуі туралы айтып берді.

– Біздің облыс аумағында жол қозғалысы ережелерінің заң бұзушылықтарын тіркейтін бірқатар техникалық құралдар мен жүйелер бар. Осындай тіркеу жүйелерінің бірі «VIDAR SPEED-R» сертификатталған техникалық құралы. Талдықорған жолдарында 2023 жылдың ақпан айынан бастап автотіркеу жүйесінің 10 бекеті жұмыс істеді, олар тек 4 айдың ішінде 11 270 жол қозғалысы ережесінің бұзушылықтарын анықтады. Сертификат мерзімі өткеніне байланысты, ақпанның басынан автотіркеу жүйелері бөлшектеніп, алынған. Қазіргі уақытта, автоматты жүйенің 15 бекетін сатып алу мен орнатуға конкурс жариялау үшін ҚР қаржы министрлігінің комитетіне келісу үшін барлық құжаттар жолданды, – деп атап өтті ПД ӘПБ ,өлім бастығы Саят Ибраимов.

Сатып алу мен автожолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде осы бекеттерді орнату жұмыстары аяқталғаннан кейін облыс тұрғындары мен қонақтарына дереу хабарланатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, облыс аумағында штаттық режимде Қаратал және Ескелді аудандарының бағытында орналасқан 17 «VIDAR SPEED-R» камерасы бар 7 бекет жұмыс істейді.

Көрсетілген техникалық құралдардан басқа, өңір аумағында жалған нөмірлерді, автокөлікті басқару құқығынан айырылған жүргізушілерді, сондай-ақ іздеуде жүрген көлік құралдарын автоматты түрде анықтау функциясы бар «Қорғау» мобильді қосымшасы тиімді жұмыс атқарып жатыр. «Қорғау» қосымшасын патрульдік полиция қызметкерлері белсенді қолдануда және «VIDAR SPEED-R» тіркеу жүйелерімен тікелей біріктірілген, – деп толықтырды Саят Ибраимов.

Осы қосымшаны іске қосқан сәттен бастап шектеулері бар 294 жүргізуші анықталып, ұсталды, айыппұлдардың бары туралы 1144 хабарлама берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру