Атырау облысында бес айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды
Атырау облысында бес айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қауіпсіз жол» іс-шарасы кезінде, 19 ақпан күні сағат 20:30 шамасында жедел басқару орталығының қызметкерлері Toyota Camry автокөлік жүргізушісінің күдік тудырғанын байқап, патрульдік полицейлерге бағыттама берген.
Полицейлер автокөлікті тексеру кезінде автокөліктің 327 мың теңгені құрайтын 5 айыппұлы бар екені анықталды. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылды. Сондай-ақ, жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.
Осы ретте, атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керектігін ескертеді.