Абай облысында полиция жанармайы қатып қалған жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті
Абай облысында полиция жанармайы қатып қалған жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті , – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүк көлігі Өскемен қаласынан Қостанай қаласына жол жүріп бара жатқан. Алайда, жолда қиындыққа тап болып, ауыр жүк көлігінің жанармай жүйесі қатып қалған. Айта кетсек, ауа температурасы минус 36 градусқа дейін төмендеді. Жүргізушіге Омбы – Майқапшағай автожолының 854 шақырымында істен шыққан фураны байқаған патрульдік полиция ротасының қызметкерлері көмекке келді.
DAF автокөлігінің жүргізушісі полицейлерге аға лейтенант Ахатов Төлеуге және кіші лейтенант Айтқалиев Алмасқа оны жолда қиын жағдайда қалдырмағаны үшін алғысын білдірді.
Полиция азаматтардан қозғалыс шектеулері немесе жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды елемеуді сұрайды. Дегенмен сапар шықсаңыз, қиын жағдайға тап болмас үшін көлік құралын жабдықтау қажет.