Шымкентте погон таққан арулар құрметке бөленді
Шымкентте погон таққан арулар құрметке бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әйел полицейлерді көктемнің жарқын мерекесімен әріптестері құттықтады. Полиция департаментінің қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан сақшылардың аналары мен жұбайларын да назардан тыс қалдырмады. 8 наурызға орайластырылған салтанатты жиынға ІІО зейнеткерлері, үздік офицерлердің аналары мен жергілікті БАҚ қызметкерлері шақырылды. Оларға алғыс хаттар, гүл шоқтары мен сый-сияпаттар табысталып, құрмет көрсетілді.
Департамент бастығы Думан Таев өз құттықтауында қайсар қыз-келіншектердің ер азаматтардан кем түспейтін ерлік әрекеттеріне айрықша тоқталып, бүгінгі қоғамдағы нәзік жандылардың жауапты қызметтерде елеулі еңбек етіп жүргенін атап өтті. Оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметте сәттілік тіледі.
Мерекелік шарада өз қызметтік міндеттерін адал әрі мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген әйел-қызметкерлерге ІІМ және департамент тарапынан марапаттар берілді.
Іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты.