Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Павлодар облысында мыңнан астам тұрғын тыныштықты бұзған

Павлодар облысында биыл 1062 тұрғын түнгі уақытта тыныштықты бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Всеволод Иванов көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындарына жұмыс күнінен кейін тыныштықты сезінуге жанжалдың шуы кедергі болды. 

Шу ұзақ уақытқа созылды, сондықтан сағат 00:00-де тұрғындар полицияға қоңырау шалған. Пәтер иелерінің ұлы анасына жанжал шығарғаны анықталды. 

– Ер адам тәртіп сақшыларына мерекеге орай достарымен ішімдік ішіп, үйге кеш келгенін, оған анасы ескерту жасағанын айтты. Ұлына бұл оқиға ұнамағасын жанжал шығарған. Көршілердің шуды тоқтату туралы өтініштерін павлодарлық елемеген. Сондықтан тыныштықты бұзғаны үшін сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ ер адаммен полицейлер мұндай жағдайлардың алдын алу туралы алдын алу әңгімесін өткізді, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Басқа жағдайда, сағат 02:52-де Бұқар Жырау көшесіндегі үйдің тұрғыны пәтер терезесінің жанында «ер адам айқайлап, ескертуді елемейді» деп қоңырау шалды. Сол күні, сағат 04:00-де Лермонтов көшесіндегі үйдің тұрғындары жоғарыдан шу шығаратын көршілеріне шағымданды. 

Бір тәуліктің ішінде Павлодар қаласының полициясына тыныштықты бұзу бойынша 10 шақыру келіп түскенін атап өткен жөн. Шақырудың барлық жағдайларында полиция қызметкерлері мәселені пысықтады, әрбір бұзушыға тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Осы жылы полиция Павлодар өңірінің түнгі уақытта басқалардың тыныштығын бұзған 1062 тұрғынын анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру